Без Категории

Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл сыйлайды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.

«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.

«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» - деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.

 

Фото: Астана әкімдігі 

Сайт Әкімшілігі
Теги: Еріктілер